Луис Энрике баспасөз конференциясында қызын еске алды
Футбол
Футболдан Испания ұлттық құрамасының бас бапкері Лиус Энрике Германияға қарсы матчтан кейінгі (1:1) баспасөз конференциясында осыдан 4 жыл бұрын сүйек обасы ауруынан өмірден өткен қызы туралы естелігімен бөлісті. Өйткені, Е тобындағы Испания - Германия матчы өткен жексенбі күні, яғни 27 қарашада бас бапкердің қызы Ксана 13 жасқа толуы керек еді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Жеке өміріме қатысты сұрақтарға испан тілінде жауап бергенді жөн деп санаймын. Бұл мені үшін де, отбасым үшін де ерекше күн. Біздің қызымыз физикалық тұрғыда қазір жанымызда жоқ, бірақ ол әрдайым біздің есімізде, жүрегімізде. Біз оны күн сайын еске аламыз, күлеміз және кейбір жағдайларда ол не істейтін еді деп ойланамыз. Өмірдің заңы солай, қуанышты сәттердің куәсі бола отырып, осындай қайғылы жайттарды басқара білу керек", - деді Луис Энрике баспасөз конферецниясында.
Сондай-ақ Германиямен болар матч күнінде Энрике өзінің таңғы велосеруенінде де Instagram парқашасында қызы Ксананы еске алып, оған арнап жазба қалдырған.
"Бүгін біз тек Германияға қарсы ойнап қоймаймыз. Бұл күн ерекше, өйткені Ксана 13 жасқа толуы керек еді. Қайда болсаң да, мен сені жақсы көремін. Бетіңнен сүйдім", - деп жазған бас бапкер Луис Энрике.