Онана Камерун құрамасынан шеттетілді

Онана Камерун құрамасынан шеттетілді
Футбол

Футболдан Камерун ұлттық құрамасының қақпашысы Онана тәртіп бұзу себептеріне байланысты Әлем чемпионатының 2-тур ойындары алдында командадан шеттетілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі beinsports.com сайтына сілтеме жасай отырып. 

“Онана ұлттық құрама қатарынан шығарылды. Біз өзімізге қиындықтар жасап алдық”, - деп келтірген beINSports Камерун футбол федерациясы өкілінің сөзін. 

Онананың ұлттық құрамадан неге шеттетілгені жөнінде әзірге толық ақпарат жоқ. Сондай-ақ оның ұлттық құрамаға қашан қайтып келетіні де белгісіз.

Ал қазір Камерун - Сербия құрамалары арасындағы ойынның 32-минуты жүріп жатыр. Есеп - 1:0. Камерун құрамасы алда.