Теннистен Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды

Теннистен Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды
Теннис

Бүгін Испанияның Малага қаласында 2023 жылғы Дэвис Кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Чилимен сынға түседі. Іріктеу кезеңдерінің ойындары келер жылдың 4-5 ақпан күндері Чилиде өтеді. Екі құрама өзара жекелей сында төрт, ал жұптық сында 1 матч өткізеді және барлық ойындар 3 сеттен тұрады. Бұл бәсекеде Қазақстан мен Чили құрамалары тұңғыш рет бір-бірімен бетпе-бет кездеседі. 

Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 12 команда 2022 жылғы Дэвис Кубогы финалында өнер көрсеткен Канада мен Аустралия құрамаларына, сондай-ақ wild card-қа ие болған Италия және Испания командаларымен мықтыны анықтайды.