Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: 3 қола және финалға 4 жолдама
Бокстан Испанияның Аликанте қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңі аяқталып, ақтық сынға жолдама алғандар белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық 4 боксшы бар, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жартылай финалдық кездесулерден кейін Қазақстан қоржынына 3 қола медаль түсті. Үш бұрымдымыз Гүлназ Бурибаева (48 келі), Әсем Таңатар (63 келі), Әсел Тоқтасын (81+ келі) әлем чемпионатының 1/2 финалында қарсыластарына жол беріп, қоланы қанағат тұтты. Ал Элина Базарова (54 келі) мен Бақыт Сейдіш (66 келі) финалға жолдама алып, алтын үшін сынға түседі.
Жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасынан Нұрбек Мурсал (67 келі) мен Дәулет Төлемісов (75 келі) өнер көрсетіп, екеуі де ақтық сынға өтті.