IIHF хоккейден 3х3 турнирін өткізеді

IIHF хоккейден 3х3 турнирін өткізеді
Хоккей

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы Президенті Люк Тардиф 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жасөпірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында хоккейден 3х3 форматтағы турнир өтетінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

“Қазіргі таңда ХШХФ Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында хоккейден 3х3 турнир өткізуді жоспарлап отыр. Бұл турнирге рейтингте 11-20 орындар аралығында тұрған елдер қатысады. Олимпиада ойындарында алғаш рет өткізілетін турнир алдағы жарыстар үшін тәжірибе болмақ”, - деді Люк Тардиф. 

Алдағы уақытта мұндай формат барлық халықаралық турнирлерге енгізіледі.