Сенсация! Сауд Арабиясы Аргентинаны жеңіп кетті

Сенсация! Сауд Арабиясы Аргентинаны жеңіп кетті
Футбол

2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының С тобындағы Аргентина мен Сауд Арабиясы командалары арасындағы матч аяқталды. Аргентина құрамасы қарсыласына 1:2 есебімен жеңіліп, Сауд Арабиясы Катардағы чемпионаттың алғашқы сенсациясын тіркеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Аргентина - Сауд Арабиясы - 1:2

8’ Лионель Месси - 0:1 (П)

48’ Салех Аль-Шехри - 1:1

53’ Салем Аль-Давсари - 1:2

Бұл матчта төрешілер оңтүстік америкалықтардың үш голын есепке алған жоқ.