Джокович АТР қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды

Джокович АТР қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды
Теннис

Италияның Турин қаласында өткен АТР маусымының қорытынды турнирінде сербиялық теннисші Новак Джокович жеңімпаз атанып, өзінің алтыншы титулына қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Финалдық кездесуде норвегиялық Каспер Рууд екі сет қорытындысында 7:5, 6:3 есебімен жеңген Джокович АТР финалдық турнирлерінде жеңіске жету көрсеткіші бойынша Роджер Федерермен теңесті. 

Ол осы турнирдегі жеңісі үшін 4 740 300 АҚШ долларын жеңіп алды, бұл - ақшалай жүлденің рекордтық көрсеткіші. Сонымен қатар, Новак Джокович 35 жасының 182 күнінде АТР маусымының қорытынды турнирінде жеңімпаз атанып, тарихқа осы жарысты жеңген әлемдегі жасы ең үлкен ойыншы болып енді. 

Новак Джокович АТР қорытынды турнирінде алғаш рет 2008 жылы жеңіске жеткен. Одан кейін төрт жыл қатарынан (2012, 2013, 2014, 2015) чемпиондық атақты ешкімге бермеген екен. Араға 7 жыл салып сербиялық теннисші осымен алтыншы рет АТР маусымы қорытынды турнирінің жеңіс тұғырына көтерілді