АҚШ құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан екінші команда атанды
Фото: instagram.com/usmnt
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур аясында АҚШ құрамасы Аустралияны жеңіп, плей-офф жолдамасын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Bassport.kz Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.
Вашингтон қаласындағы «Люмен Филд» стадионында өткен кездесуде америкалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы есеп 11-минутта ашылды. АҚШ құрамасының шабуылынан кейін аустралиялық қорғаушы Кэмерон Бёрджесс өз қақпасына гол соғып алды.
Ал бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда Александр Фримэн допты баспен қақпаға дәл бағыттап, алаң иелерінің басымдығын еселей түсті. Төреші бастапқыда голды есептемегенімен, VAR жүйесіндегі тексеруден кейін гол заңды деп танылды.
Екінші таймда қос команда да шабуылда белсенділік танытқанымен, есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде АҚШ құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңістен кейін америкалықтар плей-офф кезеңіне шығуын ресми түрде қамтамасыз етіп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алған екінші құрама атанды.
Айта кетейік, алғашқы турда АҚШ құрамасы Парагвайды 4:1 есебімен жеңген болатын. Ал Аустралия құрамасы Түркиядан басым түскен еді.