Дидье Дешам Бенземаның жарақатына байланысты күтпеген шешім қабылдады

Дидье Дешам Бенземаның жарақатына байланысты күтпеген шешім қабылдады
Футбол

Футболдан Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам әлем чемпионатының басталуына 1 күн қалғанда жарақат алған шабуылшы Карим Бенземаны алмастырмау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ресейлік championat.com сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бас бапкердің шешімімен футболдан Франция ұлттық құрамасының сапына Бенземаның орнына өзге ойыншы шақырылмайды. 19 қараша күні 34 жастағы шабуылшы алғаш рет командамен жаттығуға кіріскен, алайда сол аяғының төртбасты сүйегінен жарақат алып, жаттығуды аяқтай алмаған.  Сөйтіп, Карим Бензема әлем чемпионатында өнер көрсетпейтін болды. 

Бұған дейін Франция құрамасының оқу-жаттығу жиындары кезінде жартылай қорғаушы Кристофер Нкунку жарақат алаған. Оның орнына ұлттық құрамаға Рандаль Коло Муани шақырылған болатын. 

Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Франция Австралия, Дания және Тунис елдерімен сынға тұседі.