Жәнібек Әлімханұлы елге оралып, алдағы жоспарларымен бөлісті

Жәнібек Әлімханұлы елге оралып, алдағы жоспарларымен бөлісті
Бокс

Кәсіпқой бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы елге оралып, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

"Елге абыроймен қайттық! Чемпиондық титулды сәтті қорғап, 2022 жылды берекелі етіп қорытындыладық. Биылғы жыл осы жеңіспен ерекше есте қалады. 2023 жылы бізді үлкен жекпе-жектер мен шоулар күтіп тұр. Аздаған демалыстан соң, Америкаға қайта оралып, дайындықты жалғастырамыз", - деп жазды Qazaq Style өз Instagram парақшасында. 

13 қараша күні Жәнібек Әлімханұлы ағылшындық Дензел Бентлимен жұдырық түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғаған болатын.