Ангелина Лукастың қарсыласы анықталды

Ангелина Лукастың қарсыласы анықталды
Бокс

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукастың (2-0, 1 КО) келесі жекпе-жегі Алматыда 11 желтоқсан күні өтеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Отандасымыздың келесі қарсыласы - танзаниялық Лулу Кайаге (8-8-3, 2 КО). Ubo нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеуі сарапқа салынады.

"11 желтоқсанда Әлем чемпион титулы үшін шайқасамын. Туған Қазақстанда, сүйікті қала Алматыда! Мен өзіміздің әдемі, техникалық, әсерлі қазақ боксын көрсеткім келеді. Барлықтарыңызды 11 желтоқсанда Алматы аренада күтемін", - деп жазды спортшы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.