Бұл ойынға 200 пайыз күш саламыз - Асхат Тағыберген

Бұл ойынға 200 пайыз күш саламыз - Асхат Тағыберген
Футбол

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген БАӘ-ге қарсы матч жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

«Бұл қарсыласпен мансабымыда бірінші рет кездесіп отырмын. Өзбекстаннан жеңілгеннен кейін бұл ойынға 200 пайыз күш саламыз. Жанкүйерлеріміз үшін жеңісіне жетуге тырысамыз. Менің ойымша, БАӘ-де футболға көзқарас жақсы екен, алаңдар мен стадиондар керемет. Қазақстанда да осы деңгейге жетеміз деп үміттенемін», - деді Тағыберген. 

Еске салайық, екі команда арасындағы ойын бүгін Астана уақытымен 21-30-да басталады.