Қазақстан құрамасы БАӘ командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы БАӘ командасымен жолдастық кездесу өткізеді
Футбол

Бүгін футболдан Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларының жолдастық кездесуі өтеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Матч Астана уақытымен 21.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездескен еді. Оның 1-уі қазақстандық құраманың басымдығымен аяқталса, екеуінде қарсыластар жеңіске жеткен еді.

Қазақстан ұлттық құрамасының Біріккен Араб Әмірлігімен өтетін ойын алды жаттығуынан фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз: