Дарабаев БАӘ-не қарсы ойында алаңға шықпайды

Дарабаев БАӘ-не қарсы ойында алаңға шықпайды
Футбол

19 қараша күні Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы өткізетін жолдастық матчына ұлттық құраманың тағы бір ойыншы қатыспайтын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеді. 


“Аслан Дарабаев жарының әкесі өмірден өтуіне байланысты Қазақстанға оралады. Сондықтан БАӘ-не қарсы ойынға қатыса алмайды. Асланға қайғыра көңіл айтамыз!”, - деп жазылған хабарламада. 


Сондай-ақ, арқа жарақатына байланысты Абзал Бейсебеков те бұл ойынға қатыспайды.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы жолдастық кездесу 19 қараша күні Астана уақытымен 21:30-да басталады.