Ангелина Лукас қазақ тілінде жазба қалдырып, жанкүйерлерді таң қалдырды

Ангелина Лукас қазақ тілінде жазба қалдырып, жанкүйерлерді таң қалдырды
Бокс

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі туралы ақпаратпен бөлісті. Кәсіби бокста бақ сынап жүрген жерлесіміз он раундтық жекпе-жекке дайындалуда, деп хабарлайды Bassport.kz. 


Бұл ақпарды  ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде жариялаған. 

"Келесі жекпе-жегім туралы сіздерге айтатын жаңалықтарды асыға күтіп отырмын!


2022 жылдың соңына дейін мен рингке тағы бір өте күшті қарсыласқа қарсы шығамын, әлем титулы үшін 10 раундтық шайқас!
Мен рингке қайта шығуды шыдамай күтудемін!!! Бұл өте қызықты жекпе-жек болатынына сенімдімін!


Біз әйелдер кәсіпқой боксының бүкіл әлемін талқандаймыз!! Тағатсыздана күтемін", - деп жазды спортшы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.