19 жастағы Карлос Алькарас маусымның ең үздік теннисшісі атанды

19 жастағы Карлос Алькарас маусымның ең үздік теннисшісі атанды
Теннис

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас маусым қорытындысында әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды.


19 жастағы ракетка шеберінің маусымның бірінші теннисшісі атағын иеленуі екіталай болып тұрған. Алькарастың рейтингте бірінші орнынан айыруға қауқары жететін бір ғана теннисші бар, ол - Рафаэль Надаль. Алайда оның Туринде (Италия) өтіп жатқан ATP маусымы қорытынды турнирінде топтан шыға алмауы Карлос Алькарастың әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалуына ықпал етті. Ал Алькарастың өзі жарақатына байланысты маусымның қорытынды турниріне қатысқан жоқ.

Осылайша, испаниялық теннисші 1973 жылдан бері рейтингтегі бірінші орнымен маусымды аяқтаған екінші спортшы атанды. Карлос Алькарас биыл US Open-2022 - теннистен "Үлкен дулыға" кезеңінің жеңімпазы атанған болатын.