Қазақстан мен БАӘ арасындағы жолдастық ойынға мысырлық арбитрлар төрешілік етпек

Қазақстан мен БАӘ арасындағы жолдастық ойынға мысырлық арбитрлар төрешілік етпек
Футбол

19 қараша күні футболдан Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде БАӘ командасымен жолдастық матч өткізеді. 

Екі ел арасындағы ойынға мысырлық арбитрлар төрешілік етпек. Бас рефери Махмуд Закарья Аль-Банна, оның көмекшілері - Ахмед Хоссам Эль-Дин пен Сами Мухаммад Абу Зейд. 

Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. 

Еске салайық, кеше Қазақстан мен Өзбекстан арасында өткен матчта отандастарымыз 0:2 есебімен жеңілген еді.