Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтсіз бастады

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтсіз бастады
Футбол

Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, бүгін Франция командасымен кездесті. 


Шотландияның Гринок қаласындағы "Каппилоу Парк" стадионында өткен матчта ұлттық құрама Франциядан 0:7 есебімен ойсырай жеңіліп, Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін сәтсіз бастады. 

Голдар: 

20' - Матис Тель (пенальти)

33' - Эдан Диоп

55' - Шимонья Угочукву 

59' - Матис Тель

89' - Моква Нтусу

90+1' - Матис Тель

19 қараша күні Қазақстан Шотландияның жастар құрамасына қарсы ойын өткізеді.