Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан жігерсіз жеңілді

Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан жігерсіз жеңілді
Футбол

Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу аяқталып, алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. 


Матч есебі 12-минутта ашылып, Хожимат Эркинов "тоғыздықты" дәл көздеді. Ал командалар үзіліске аттанар алдында Эльдор Шомуродов есепті еселеді. Таблодағы осы көрсеткіш ойын соңына дейін сақталып, Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстанға жол берді. 

Голдар:

12' - Эркинов - 1:0

45' - Шомуродов (Шукуров) - 2:0

19 қараша күні Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерімен жолдастық кездесу өткізеді.