Қазақстан құрамасы жаңа формада ойнамақ

Қазақстан құрамасы жаңа формада ойнамақ
Футбол

Ташкентте өтетін жолдастық матчта Қазақстан құрамасы жаңа жейде киіп шықпақ.

Алаң иелері дәстүрлі көк түсті, ақ жазулары бар формада ойнайды. Ал Қазақстан құрамасы сұр түсті, ақ жазулары бар жейде киеді.

Еске салайық, екі команда арасындағы матч кешкі 19-00-де басталады. Трансляция «QAZSPORT» телеарнасында жүргізіледі. 


Дереккөз: kazfootball.kz