Әділ Бекетаев: "Петропавлда хоккейді қыста ғана ойнайтынмын"

Әділ Бекетаев:
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғап жүрген "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы Әділ Бекетаев көлемді сұхбат беріп, Петропавлдағы хоккей, сондай-ақ 13 жасында туған қаласынан Астанаға жалғыз өзі көшіп келгені туралы айтып берді. 


"13 жасымда әкемнің: "Астанаға хоккей ойнауға барасың. Онда өзі тұрасың", деп айтқаны қатты таңғалдырды. Бірақ, бұл меінң мінезімді шыңдаған сияқты. Өйткені, мен әртүрлі жағдайда өмір сүріп үйрендім. Жалға алған пәтерді жиі ауыстыратын едім. Бірде әпкеммен, бірде ағаммен бірге тұрдым. Кішкене қиын болғанымен, жаттығуым жақсы жүрді. Көп ойын ойнайтынмын, Астанадағы бапкерім де, әріптестерім де жақсы болды. Әрдайым Қазақстан чемпионатының көшбасшысы болу үшін таласатынбыз, ал Петропавлда мұндай жағдай болған жоқ. Бұрын менің туған қаламда, тіпті мұз сарайы болған емес. Соның салдарынан хоккейді тек қыста ойнап, жаттығатынбыз. Мен де, әкем де менің осы спорт түрімен айналысқанымды қатты қалады. Әкем мен анам алға қарай қадам басуыма әрдайым бар жағдайды жасады". 


Дереккөз: championat.com