Құрманғалиев - қола жүлдегер

Құрманғалиев - қола жүлдегер
Теннис
Басқа

Қазақстандық кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев Словакиядағы WTT Youth Contender Senec 2022 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды. 


Ол жүлдеге қол жеткізу жолында Джамдиэль Торресті (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичті (Польша), Степан Брхельді (Чехия), Рохелио Кастроны (Мексика), Андре Бертельсмайерді (Германия) жеңді. 


Осы жолы Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсетті. Сондай-ақ осы турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Санжар Жұбанов бақ сынап, 1/8 финалға дейін жетті.