"Каспийдің" жаңа бас бапкері кім?

Футбол

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін "Каспий" футбол клубы жаңа бас бапкері болып грузиялық маман Кахабер Цхахадзе тағайындалды. 


Бұған дейін Кахабер Цхахадзе Тблисидің "Динамо" командасын жаттықтырған. Сондай-ақ, "Каспий" бапкердің Қазақстан Премьер-Лигасында жаттықтыратын алғашқы командасы емес. Оның алдында маман "Ордабасы" және "Қайрат" командаларында бас баппкер қызметін атқарған.


Биылғы маусымда "Каспий" 26 ойында 31 ұпай жинап, тоғызыншы орынға табан тіреген.