Қазақстан Амманда көш бастады
Бокстан Иордания астанасы Амманда өткен Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Әйелдер мен ерлер арасындағы барлық жүлделер сарапқа салынғаннан кейін, командалық есепте көш бастаған ұлттық құрама анықталды.
Әлемнің 27 елінің 267 спортшысы бақ сынаған XXXII Азия чемпионатында Қазақстан жалпы есепте 1-орын иеленді. Команда қоржынында барлығы 21 жүлде, атап айтса 6 алтын, 7 күміс пен қола медаль бар.
Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг), Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (-92 кг) Азия чемпионатының алтын алқасын иеленіп, чемпион атанды.
Гүлсая Ержан (81 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92кг) Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.
Ал Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаев (52 кг), Мадина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) мен Сағындық Тоғамбайлар (86 кг) қола жүлде еншіледі.