Канте мен Погбасыз: Францияның Әлем чемпионатындағы құрамы

Канте мен Погбасыз: Францияның Әлем чемпионатындағы құрамы
Футбол

Футболдан Франция құрамасы Катардағы 2022 жылғы Әлем біріншілігіне арналған құрамын жариялады. Биылғы Францияның ұлттық құрамасы сапында Канте мен Погба жоқ.


Бас бапкер Дидье Дешам келесі құрам Катарға аттанады деген шешім шығарды, қорытынды тізімге 25 футболшы енді:


Қақпашылар: Уго Льорис, Альфонс Ареоля, Стив Манданда.

Қорғаушылар: Бенжамен Повар, Рафаэль Варан, Преснель Кимпэмбе, Дайо Упамекано, Жюль Кунде, Вильям Салиба, Ибраима Конате, Люка Эрнандес, Тео Эрнандес.

Орталық қорғаушылар: Юссуф Фофана, Орельен Чуамени, Эдуардо Комавинга, Матео Гендузи, Адриен Рабьо, Жордан Веретту.

Шабуылшылар: Килиан Мбаппе , Карим Бензема, Антуан Гризманн, Кристофер Нкунку, Оливье Жиру, Усман Дембеле, Кингсли Коман.


Франция  - футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы. Дидье Дешам шәкірттері финалдық матчта  Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, жаһан үздіктері атанған. 


Катардағы ала доп бәсекесінде Франция құрамасы D тобында өнер көрсетіп, Автсралия (22 қараша), Дания (26 қараша) және Тунис (30 қараша) елдерімен сынға түседі.