"Барыс" - "Витязь" матчында Қазақстанның ең үлкен байрағы жайылды
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыс" хоккей клубының өз айдынында "Витязьге" қарсы өткізген матчында Қазақстанның ең үлкен байрағы жайылды.
"Барыс" - "Витязь" матчы алдында жайылған жалаудың көлемі - 800 шаршы метр. Іс-шара Республика күніне орай "Ашық аспан" науқанының аясында Алматы аспанында 3000 метр биіктікте кәсіби парашютист желбіреткен ту эстафетасын жалғастыру мақсатында жүзеге асты. Көргенге кермет сезім сыйлайтын Алматы көгінде желбіреген көк ту Қазақстанның рекордтар кітабына тіркелді.
"Барыс" хоккей клбуы басшлығының қолдауымен жүзеге асқан науқан бұл жолы "Менің туым - менің Елім!" деген атаумен өткізілді. Бұл - хоккей матчы үшін тарихи оқиға. Оны ұйымдастырудың басты мақсаты - хоккей жанкүйерлері мен спортшылардың патриоттық рухын көтеру.