Бокстан Азия чемпионатының финалына кім өтетіні анықталады
Бүгін Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия біріншілігінің әйелдер арасындағы жартылай финалдық кездесулері басталады. Шаршы алаңға қазақстандық 9 қазақстандық боксшы көтеріледі.
Күндізгі сессияда 4, ал кешкі сессияда 5 боксшымыз бақ сынайды.
Астана уақытымен 16:00-де басталатын күндізгі сессия кестесі:
50 келіде Назым Қызайбай жапониялық Намики Цукимимен жұдырықтасады. Жайна Шекербекова (54 келі) Хуан Сяо Веньмен (Тайвань), ал Мадина Нұршаева (66 келі) оңтүстік кореялық Чой Хон Гюнмен кездеседі. 11-жұпта Ләззат Күнгейбаева (81+ келі) үндістандық Альфия Тараннум Акраммен қолғап түйістіреді.
Кешкі сессияда өнер көрсететін қазақстандық спортшылар тізімі:
48 келі. Алуа Балқыбекова - Фарзона Фозилова (Өзбекстан)
52 келі. Жазира Орақбаева - Ринка Киносита (Жапония)
57 келі. Карина Ибрагимова - Нести Петесио (Филиппиндер)
70 келі. Дариға Шәкімова - Чень Ньень Чинь (Тайвань)
81 келі. Гүлсая Ержан - Тхи Хуонг Нгуен (Вьетнам).
Қазіргі таңда ел қоржынында 21 қола медаль бар.