Матч қарсаңында: "Барыс" - "Витязь"

Матч қарсаңында:
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті матчын "Барыс" өз айдынында "Витязьге" қарсы өткізеді. Бұл - командалардың екі айдан кейінгі бетпе-бет кездесуі. 


Маусым басындағы алғашқы матчтардың бірі болған ойында астаналық клуб өз қақпасына бес шайба жіберіп, қарсыласынан айласын асыра алмаған.


Ал "Витязь" өткен матчта омбылық "Авангардқа" қарсы ойнап, 3:1 есебімен есе жіберген. Астаналық клубтың бүгінгі қарсыласының жалғыз голын Александр Яремчук соқты. Ол соңғы төрт матч бойы ұпай жинап келеді. Қазіргі таңда команда Құрлықтық хоккей лигасының Батыс конференциясында 30 ұпаймен 6-орында келеді. Өз қақпасына бағытталған соққылардың 95,6%-ын қайтарған "Витязь" қақпашысы Максим Дорожко осы көрсеткіш бойынша лигадағы үздік ойыншы. Ал қорғаушы Джереми Рой пайдалылық коэффициенті бойынша (+20) ҚХЛ көшбасшыларының қатарында. 


Астаналық клуб болса, Валидовостоктың "Адмиралынан" 1:4 есебімен жеңіліп, табысты жолын жалғастыра алмады. Команда құрамында жалғыз голды Егор Петухов соқты, бұл - оның осы маусымдағы сегізінші шайбасы. Қазір Петухов - команданың екінші сұрмергені. Сол матчта қорғаушы Тамирлан Гайтамиров ҚХЛ-дағы алғашқы ұпайын иеленді. Ал Юлиус Гудачек 20 соққының тек 16-сын қайтара алды. 

Кездесу алдында шабуылшылар Аңсар Шайхмедденов мен Майкл Шапю жарақат алғандар тізімінен шығарылып, комнадамен жаттығуға кірісті. Ал Никита Михайлис әлі сол тізімде.