Месси Пикенің ”Барселонадан” кетуіне қатысты пікір білдірген жоқ

Месси Пикенің ”Барселонадан” кетуіне қатысты пікір білдірген жоқ
Футбол

Лионель Месси экс-командаласы Жерард Пикенің кәсіби мансабын аяқтау туралы шешіміне қатысты өз Instagram парақшасында пікір білдірген жоқ.

Испаниялық “El Nacional” сайтының айтуынша, Мессидің бұл әрекетіне футболшылардың арасындағы түсініспеушілік себеп.

 “Барселонаның” Пикенің жалақасын төмендетпеуі Лионель Мессидің командада қалуына кедергі келтірген, сол шақтан бастап екі футболшының ара-қатынасында түсініспеушіліктер пайда болған. 

Сондай-ақ, Пике  “Барселона” президенті Жоан Лапортеге қаржылық фэйр-плейді шешу мақсатында Мессидің келісімшартын ұзартпауға кеңес берген деген де ақпарат кең тарады. 


Месси мен Пике 2008-2021 жылдар аралығында “Барселона” сапында ойнап, бірге 30 кубокты иеленген.