Еурокубоктарда Қазақстан намысын қай клуб қорғайды?

Еурокубоктарда Қазақстан намысын қай клуб қорғайды?
Футбол

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының қорытынды тур ойындары өткеннен кейін, 2023-2024 жылдар маусымындағы Еурокубоктарда Қазақстан намысын қорғайтын командалар белгілі болды. 

УЕФА Чемпиондар Лигасында ҚПЛ жеңімпазы атанған “Астана” футбол клубы Қазақстан атынан сынға түседі. Футболдан Қазақстан чемпионатында екінші және үшінші орындарды иеленген “Ақтөбе” мен “Тобыл” командалары және Қазақстан Кубогын жеңіп алған ұжым УЕФА Конференция Лигасында бақ сыйнайды.

Биыл Қазақстан Кубогына “Ордабасы” және “Ақжайық” командалары таласады, ал финалдық матч 12 қараша күні өтеді.