Дулат Бекбауов Азия чемпионатының жартылай финалында

Дулат Бекбауов Азия чемпионатының жартылай финалында
Бокс

Бокстан Аммандағы (Иордания) құрлықтық бәсекеде Дулат Бекбауов жартылай финалда бақ сынайтын спортшылар қатарына енді. 

Ширек финалда 67 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз Дулат Бекбауов төрешілердің бірыңғай шешімімен қырғызстандық былғары қолғап шебері Жақсылық Талайбековті жарыс жолынан шығарып, Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті. Бұл - біздің құраманың алтыншы жарыс күнінде жартылай финалға жеңіп алған бесінші жолдамасы.