Кезекті жолдама: Саматәлі Төлтаев 1/2 финалда

Кезекті жолдама: Саматәлі Төлтаев 1/2 финалда
Бокс

Бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасының тағы бір спортшысы жартылай финалда бақ сынайды. 

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалдық кездесуін қырғызстандық бокс шебері Мирзохид Имамназаровқа қарсы өткізген Саматәлі Төлтаев жартылай финалдың жолдамасына ие болды. Бұл - Қазақстан құрамасының Азия чемпионатында еншілеген он бірінші жартылай финалдық жолдамасы.