Александр Овечкин ҰХЛ рекордын жаңартты
Хоккей
Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасындағы бір клуб сапында гол соғу көрсеткішін жаңартып, рекорд иесі атанды.
Осыдан бірнеше күн бұрын оның Горди Хоудың жетістігін қайталап, “Вашингтон Капиталз” сапындағы 786-шайбасын соққанын жазғанбыз.
Ал 5 қараша күні “Аризона Койотиске” қарсы өткізген матчта Овечкин есепті өзі ашып, 787-шайбасын соқты. Бұл - Ұлттық хоккей лигасындағы жаңа рекорд.