Овечкин Горди Хоудың жетістігін қайталады
Хоккей
“Вашингтон Капиталз” шабуылшысы Александр Овечкин бір команда сапында гол соғу көрсеткіші бойынша Горди Хоудың рекордына қол жеткізді.
“Детройт Ред Уингзке” қарсы болған кездесуде Овечкин “Капиталз” үшін өзінің 786-шайбасын соқты. Горди Хоу осы рекордты “Детройт” құрамында ойнаған кезде жасаған екен. Бұл матчта “Вашингтон Капиталз” “Детройтқа” 1:3 есебімен есе жіберді.