Милад Карими әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Милад Карими әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
Басқа

Спорттық гимнастикадан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей жаттығулар бойынша финалдық кезең басталды. Алдымен еркін жаттығудан ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz. 


Бұл сында Қазақстан атынан Милад Карими өнер көрсетті. Өкінішке қарай, қазақстандық гимнаст финалда өрескел қате жіберіп, сальто жасаған соң құлап қалды. Бұл оның ұпайының төмендеуіне әсер етті. Ол 12.100 ұпаймен сегізінші орында қалды. 


Еркін жаттығуда ұлыбританиялық Джир Морган жеңіске жетті. Күміс және қола медальді жапондықтар Даиши Хошимото мен Дой Рюсеке иеленді.