"Реал" Кроосты қимай тұр

Футбол

Итальяндық спорт журналисі Фабрицио Романо өзінің Твиттер-парақшасында "Реалдың" жартылай қорғаушы Тони Крооспен жаңа келісімшартқа отыруына дайын екенін хабарлады. 

"Реал" Тони Кроос клубта тағы бір маусымға қалатын болса, оған жаңа ұсыныс жасауға дайын. Соңғы шешімді Кроос қабылдайды, алайда бұл үшін уақыт қажет", - деп жазды тілші. 


Еске салайық, Фабрицио Романо "Реалдан" кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын. 32 жастағы жартылай қорғаушының келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Ойыншы Мадрид клубында 2014 жылдан бері ойнайды.