Пике спорттық мансабын аяқтайтынын айтты

Пике спорттық мансабын аяқтайтынын айтты
Футбол

Испандық қорғаушы Жерар Пике "Барселонадан" кететінін және мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

"Менің балалық шағымның арманы орындалды. Енді бұл сапарды аяқтайтын уақыт келді деген шешімге келдім. Мен үшін "Барселонадан" басқа команда жоқ. Осы сенбі "Камп Ноуда" өтетін матч - менің мансабымдағы соңғы ойын", - деді Пике. 

5 қараша күні Испания чемпионатының 13-ші туры аясында "Барселона" "Альмериямен" кездеседі. 

Пике 2008 жылы Барселонада өнер көрсете бастады. Клубпен бірге ол Испания чемпионатында сегіз рет, ел кубогында жеті рет, Суперкубокта алты рет жеңіске жетті. Каталондықтармен бірге ол Чемпиондар Лигасының кубогын үш рет жеңген еді. Испания құрамасында Пике Әлем және Еуропа чемпионы атанған.