Бокстан Азия біріншілігі: Санатәлі Төлтаев Өзбекстан чемпионынан ұтылып қалды
Бокс
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінде екінші жарыс күні өтіп жатыр. Өкінішке қарай, 63,5 келі салмақта сынға түскен Санатәлі Төлтаев бірінші жекпе-жегінде ұтылып қалды, деп жазады Bassport.kz.
Төлтаев былтырғы Өзбекстан чемпионы Руслан Абдуллаевпен кездескен болатын. Жекпе-жек қорытындысы бойынша өзбек боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан командасының бір өкілі жарысты алғашқы айналымдарда аяқтады.
Айта кетелік, бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі) түркменстандық боксшыны айқын басымдықпен жеңген болатын.