Бокстан Азия чемпионаты: бүгін төрт боксшымыз бақ сынайды
Бүгін, 2 қараша күні Иорданияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 4 қазақстандық алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Алғашқы болып, 51 келіде Сәкен Бибосынов үндістандық Спарш Кумармен кездеседі. Одан кейін 57 келіде Серік Теміржанов түрікменстандық Ихлаз Гылычжановпен қолғап түйістіреді.
63,5 келі салмақ дәрежесінде рингке тағы бір қазақстандық спортшы Санатәли Төлтаев шығады. Ол өзбекстандық Руслан Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Қыздар арасында 50 келіде Назым Қызайбай бағын сынайды. Ол таиландтық Раксат Чутхаматпен айқасады.
Сондай-ақ, жарыстың интернет көрсетілімі біздің сайтымыздың "Трансляциялар" бөлімінде қолжетімді болады.
Астана уақытымен сағат 16:00-де Серік Теміржанов пен Санатәлі Төлтаев, ал кешкі сессияда (сағат 21:00) Сәкен Бибосынов жұдырықтасады.
Еске салайық, сары құрылықтағы 27 елден 181 еркек пен 86 əйел сынға түседі.
Дода 1 қарашада жалауын көтерді.