Украина Иранды әлем чемпионатынан шеттетуді сұрады
Футбол
Украина футбол қауымдастығының атқарушы комитеті ФИФА-дан Иранды әлем чемпионатына қатыстырмауды сұрады.
Украиналық тарап Иран Ресейге қару-жарақ жеткізетінін, сонымен қатар ФИФА Жарғысының 3 және 4-баптарын бұзатынын (ұйым мүшелері Адам құқықтарын құрметтеуге және кемсітушілікпен күресуге міндеттейді) алға тартуда.
Бұған дейін бір топ ирандық футболшы ФИФА-дан өз елінің ұлттық құрамасын Қатарда өтетін Әлем чемпионатынан шығаруды талап еткен болатын. Ойыншылар халықаралық ұйымға хат жолдаған.
Ал БҰҰ-дағы Доминиканың тұрақты өкілдігінің елшісі ФИФА президенті Джанни Инфантиноны алдағы Катарда өтетін әлем чемпионатында Иран құрамасын Италияға ауыстыруға шақырған. Әлем чемпионаты 20 қарашада басталады.