Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды
Арлан Олжабай
Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Аичи және Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 18 қыркүйекте, қазақстандық волейболшылар топтық кезеңдегі соңғы кездесуін Қытай құрамасына қарсы өткізді. Ойын 3:0 есебімен (25:18, 25:6, 25:14) Қытай құрамасының пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бұл кездесудің нәтижесіне қарамастан, Қазақстан құрамасы келесі кезеңге шығу мүмкіндігін бұған дейін қамтамасыз еткен болатын.
Бұған дейін Қазақстан Филиппин құрамасын 3:1 есебімен жеңген еді. Ал Филиппин командасы Қытайдан жеңіліп, В тобындағы үздік екі құраманың қатарына ену мүмкіндігінен айырылды.
Осылайша, Қазақстан мен Қытай Азия ойындарында ширек финалда өнер көрсетуді жалғастырады.
Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы топтық кезеңнің қорытындысы бойынша анықталады.