Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Дзюдо
Қазақстандық Талғат Орынбасар Босния және Герцеговина астанасы Сараевода дзюдодан кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Ол қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Сардор Химматовты жеңді.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына екінші қола медаль түсті.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы – Бақытжан Төребеков.