Ибрагим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарында парадзюдодан алтын медаль иеленді

 Ибрагим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарында парадзюдодан алтын медаль иеленді
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандасымыз J2 санатында 70 келі салмақта үздік шықты. Ибрагим финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевты жеңді. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен тағы екі медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста Алина Солодухина 103 келіні көтеріп, екінші орынға ие болды. Ал Айжан Берімқұлова 101 келі нәтижемен қола жүлдегер атанды. Осылайша ұлттық құрама қоржынында үш алтын бар.

Бұған дейін Давид Дегтяров (54 келіге дейін) пара пауэрлифтингтен алтын алса, Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде (R1) топ жарды.