Тізімде 41 футболшы: Ұлттар лигасының шешуші матчтарына кімдер шақырту алды

Тізімде 41 футболшы: Ұлттар лигасының шешуші матчтарына кімдер шақырту алды
Футбол

ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы матчтарына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдарына қарсы сырт алаңда ойнайды. 29 қыркүйекте команда сырт алаңда Словакиямен кездеседі. 2 қазанда «Астана Аренада» Молдованы қабылдаса, араға төрт күн салып Фарер аралдарына қарсы матч өткізеді.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 41 футболшы енді:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Темірлан Ерланов, Талғат Құсяпов (екеуі де – «Ақтөбе»), Александр Широбоков, Дамир Қасабулат, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Қайсар»), Арсен Әшірбек («Елімай»).

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Станислав Басманов, Дінмұхамед Қараман (барлығы – «Астана»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов, Әбинур Нұрымбет (бәрі – «Ордабасы»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Бёрнли», Англия), Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Акмаль Бақтияров («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де – «Ахмат», Ресей).