Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингте көтерілді
Теннис
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең мықты теннисшілердің рейтингін жаңартты.
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик екі сатыға төмендеп, 41-ші орында. Денис Евсеев "Президент Кубогының" финалына шығудың арқасында бірден 72 сатыға көтеріліп, 269-шы орынға жайғасты да, ATP рейтингінде жеке рекорд орнатты.
Бейбіт Жукаев енді 394-ші орында - ол да жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ, рейтингте Дмитрий Попко (179-орын), Михаил Кукушкин (207-орын) және Тимофей Скатов (216-орын) көтерілді.
Жұптық рейтингте Қазақстанның ең үздік теннисшісі Андрей Голубев 43-ші орында, ал Александр Недовесов қазір 61-ші орында.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-ші орында қалды. Юлия Путинцева өткен аптамен салыстырғанда екі ұпай жоғалтты және қазір 41-ші орында. Зарина Дияс - 245-ші, Жібек Құламбаева 21-ші орынға көтеріліп, енді ол 488-ші, ал Гозаль Айнитдинова - 561-ші.
Жұптық рейтингтегі Қазақстанның теннисшісі Анна Данилина әлемдік рейтингте 23-орында тұр.