Александр Бублик Лондонда өткен турнирде жеңіліс тапты
Теннис
Әлеуметтік желі
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Лондонда өтіп жатқан Ultimate Tennis Showdown көрме турнирінде неміс спортшысы Ян-Леннард Штруффқа жол берді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Үш сетке созылған матч 14:15, 13:14, 12:16 есебімен аяқталды. 7 желтоқсан күні Бублик тағы екі кездесу өткізеді — оның қарсыластары
Хольгер Руне мен Алекс де Минор болмақ. Турнирдің жартылай финалы мен финалы 8 желтоқсанда өтеді.