Елордалық стадион 5 млн теңгеге апатты деп танылды - Антикор

Елордалық стадион 5 млн теңгеге апатты деп танылды - Антикор
Басқа
Нұр-Сұлтанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апатты деп тану үшін пара алу дерегі тергеліп жатыр. 
"Антикоррупциялық қызметі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды нысанды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу дерегі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін елордалық стадионның бұзылатыны, оның орнына УЕФА-ның үшінші санатына сәйкес келетін жаңа стадион салынатыны, ал нысан 2024 жылы тапсырылатыны хабарланған еді.