"Барыс" қатарынан алтыншы ойында жеңіліс тапты
"Амур" - "Барыс" / Сурет: "Барыс" ХК
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында Қиыр Шығыста матчтар сериясын өткізіп жатқан астаналық "Барыс" үш күннің ішінде "Амурмен" екінші рет кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойын есебін астаналық хоккейшілер ашып, Всеволод Логвин көзге түсті. Артынша "Амур" таразы басын теңестіріп, бір минуттан кейін есепте алға шықты. Екінші кезеңнің бел ортасынан асқанда "Амур" есеп айырмасын екі шайбаға дейін ұлғайта білді. Ойынның қорытынды бөлігінде Әлихан Әсетов "Барыстың" екінші шайбасын соққанымен, айдын иелері тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастырады. Осылайша, "Барыс" 2:4 есебімен жеңіліс тапты. Енді Михаил Кравец бастаған команда Владивостокта "Адмиралға" қарсы ойнайды,
"Амур" - "Барыс" - 4:2 (2:1, 1:0, 1:1)
0:1 - 05:02 - Логвин (Панюков, Масси)
1:1 - 08:19 - Гальченюк (Ли, Лихачев)
2:1 - 09:43 - Мищенко (Юртайкин, Слепец)
3:1 - 35:06 - Слепец (Гиздатуллин)
3:2 - 45:52 - Әсетов (Уолш, Маккошен)
4:2 - 56:46 - Слепец (Филатьев, Балдаев)
Қақпашылар: Дорожко - Бояркин