Елена Рыбакина Australian Open финалында ойнайды

Елена Рыбакина Australian Open финалында ойнайды
Теннис

Елена Рыбакина / Сурет: Fred Lee / Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігі чемпионы атағына таласады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз жартылай финалда америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасып, екі сетте 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Елена Рыбакина екінші рет Аустралия ашық біріншілігінің финалында бақ сынайды. Еліміздің бірінші ракеткасы осыдан үш жыл бұрын Мельбурндегі "Үлкен дулыға" жарысында чемпиондық атаққа таласқан. 

Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы - Беларусь өкілі Арина Соболенко.