Australian Open: Қазақ баласы ширек финалға жолдама алды

Australian Open: Қазақ баласы ширек финалға жолдама алды
Теннис

Заңғар Нұрланұлы / Сурет: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Еліміздің 18 жасқа дейінгі бірінші, әлемнің жасөспірімдер арасында 12-і ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Juniors Australian Open турнирінің ширек финалына өтті. 17 жастағы Заңғар үшінші айналымда Ресейдің 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Сава Рыбкинге қарсы келді. Бірінші партияда Заңғар 6:1есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде партияда тартысты өткен ойында Нұрланұлы жеңісті жұлып алды – 6:4.

Матч 1 сағат 18 минутқа созылды. Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шығу үшін Гонконг өкілі Кай Томпсонмен ойнайды.